ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ЗАҢСЫЗ КАРЬЕРЛЕРДІ ЖОЮ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛУДА
Облыс әкімінің өкімімен облыс көлемінде заңсыз карьерлерді анықтау және олар бойынша шаралар қабылдау мақсатында жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобының жұмыс органы болып Қызылорда облысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы белгіленді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Әбілқасымов хабарлады.
- Осы жылдың мамыр-маусым айларында Қызылорда қаласы аумағында заңсыз карьерлерді анықтау жұмыстары Қызылорда ҚІІБ, қалалық жер қатынастары бөлімі, Тасбөгет кенті, Ақсуат, Талсуат ауылдық округтері әкімдері және Қызылорда облысы бойынша экология департаменті өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Ақсуат, Талсуат ауылдық округі, Қызылорда-Құмкөл автожолы бойы жерлерінде жүргізілді, деді М.Әбілқасымов.
Айта кету керек, «Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жаңадын құрылып, 18 ақпаннан бастап қызмет жасап келеді.
Шынар БЕКБАН