АСТАНА КҮНІ 40-ТАН АСТАМ АЛАҢДА МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Астана күні 40-тан астам алаңда мәдени шаралар өтеді. Бұл туралы «BNews.kz» АА студиясындағы онлайн конференция барысында елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев айтты.
«Қаладағы барлық алаңдар, тұрғындардың сүйікті орындарына айналған саябақтар мен гүлзарларда 40-тан астам мәдени, спорттық бағдарламалар ұйымдастырылады. Көрмелер мен концерттер ғана емес, халықтық серуендер де өтеді. Биылғы жылы мәдениет және демалыс саябағында ерекше бағдарлама қойылады», - дейді Е.Аманшаев.
Оның айтуынша, жастарға арналған алаңдарда интерактивті ойындар, фестивальдер өтеді.
«Спорттық биге, веложарысқа қызығатын адамдарға арналған іс-шаралар да назардан тыс қалмайды. Түрлі спорттық ойындар 28 маусым күні веложарыстан басталады. Оған 1000-ға тарта адам қатысады деп күтілуде. Спортшылар «Салтанат Сарайынан» «Астана Аренаға» дейін жүріп өтеді», - деп толықтырды әкімнің орынбасары.
Сонымен қатар, «Алау» спорт кешенінде үстел теннисінен жарыс өтеді. Бір уақытта 1000-ға тарта адам ойнайды деп жоспарлануда.
«Сондай-ақ, елордалықтар қала бойынша кітап көрмелері мен поэзия кештеріне қатысады», - деп толықтырды ол.