ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
1991 жылы «Баспа және БАҚ туралы» заңның қабылданған күніне орай, 2011 жылдан бері Қазақстандағы журналистер күні ресми түрде маусымның 28 күні тойланып келеді. Осындай айтулы күнге орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
«Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес тақырыбында қалам тербеп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қандай да бір тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудағы үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, ашықтық саясатының аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Сіздердің ақпараттық қолдау жұмыстарыңыздың арқасында аймағымыздағы қылмыстық ахуал тұрақтанып келеді. Осы жолда тоқтап қалмай, әлі де талай асуларды бірге еңсеріп, ұлы жеңістерге қол жеткізетімізге сенімдімін! Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби шарықтау, шығармашылық идеялар тілейміз. Ақпараттық әлемнің көшбасында жүріп, халықты объективті, қызық және шынайы жаңалықтарыңызбен сусындатып жүре беріңіздер», - деді өз құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов.
Сондай-ақ, шара барысында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі