ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ БИЫЛ 40 КӨППӘТЕРЛІ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысында ағымдағы жылы 40 көппәтерлі үйді пайдалануға беру көзделген, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жалпы трансферттерді қоса алғанда 2015 жылы 47 нысанның құрылысына 16,8 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 40 нысанды пайдалануға беру көзделген. Қалғаны келесі жылы беріледі. Қазір 5 үйдің құрылысы аяқталды. Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр», - деп әңгімеледі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев.
Нұржан Әлібаевтің ақпаратына сәйкес, биыл Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысының қарқыны былтырғы жылдың көрсеткішінен кем дегенде үш есеге артық болып отыр.
«Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржы есебінен аймақта жалпы көлемі 39,3 мың шаршы метрді құрайтын 467 пәтер пайдалануға берілді. Биыл 2090 пәтер мен 158,4 км инженерлік коммуникация қолданысқа берілетін болады», - деді әкім орынбасары