ҚАЛА ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Кеше Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев "Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні" мерекесіне орай жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерін құттықтады.
"Сіздер ең басты байлығымыз – тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін еңбек етудесіздер. Әрбір еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қаламдарыңызға қуат, өздеріңізге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін" - деп қала әкімі Н .Нәлібаев журналистер қауымына деген жүрек жарды тілектерін жеткізді.
Шара барысында бірқатар журналистер қала әкімінің құрмет грамотасы, арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.