КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің кезекті мәжіліс болып өтті.
Консультативтік кеңес үстіміздегі жылдың ақпан айында құрылған, өңірдегі кәсіпкерлерден, қоғамдық ұйымдардан, банк өкілдерінен және кеден өкілдерінен кеңес құрамына 30-дан аса тұлғалар тартылған.
Кеңестің мақсаты: кәсіпкерлерді және басқа да мүдделі тұлғаларды салық және кеден жүйесіндегі заңнамалық жаңалықтармен таныстырып отыру, қоғамды ақпараттандыру.
Жыл басынан бері екінші рет жиналып отырған кеңестің бұл мәжілісіне, облыстық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы негізінде, «Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату үшін лицензиялық алым ставкілері және оны төлеудегі өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбы таңдап алынды. (Хабарламашы: Департаменттің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Ә.Бекішев).
2014 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілген. Солардың бірі – этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты мемлекеттік реттеу тетіктері туралы. Яғни, аталмыш кәсіппен айналысуға лицензия алған салық төлемгерлері үшін әр жылы 20 қаңтарға дейін төленуі тиіс лицензиялық алым белгіленген.
Салық кодексінің 471 бабына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген лицензиялық алым көлемі, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлгшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын әрбір қызмет объектісі үшін:
1. Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 100 АЕК;
2. Аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде 70 АЕК;
3. Ауылдық елді мекендерде 30 АЕК.
Бүгінгі күнге облыс көлемінде алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату үшін айналысуға барлығы 1163 лицензия алынған және 158,3 млн. теңге лицензиялық алым төленген. Соның ішінде Қызылорда қаласына – 604, аудандарға - 559 лицензия берілген. 27.05.2013 жылғы Қызылорда облыстық маслихатының №80 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 27.05.2013 жылғы №36 қаулысына сәйкес облыс аумағындағы елді мекендер ауыл, кент және кала елді мекендері болып бөлінген. Аталған шешімге сәйкес, Арал, Қазалы және Қызылорда қалаға, Тасбугет және Белкөл кентке, қалған елді мекендердің барлығы ауылдық елді мекендерге жатқызылған.
Бахыт ОРДАНОВА,
түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы