ҚАЗПОЧТА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАРКА ШЫҒАРДЫ
«Қазпочта» АҚ Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған марканың бірі почта блогының айналымына шығарылғаны туралы хабарлайды. «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясы бойынша шығарылған марканың номиналы 200 теңгені құрайды.
Қазақстан халық ассамблеясын құру идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында алғаш рет айтқан болатын. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде мәртебесін айқындайтын Қазақстан халық ассамблеясын құру туралы жарлық шықты. Кейіннен Қазақстан халық ассамблеясы берік құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық орган болып өзгерді.
Марка 4 бояудағы офсетті тәсілмен жасалған, блок өлшемі 104 х 72 мм, марка өлшемі 52 х 36 мм, тираж 5 мың данадан тұрады, дизайнын суретші Сергей Маршев әзірледі. Почта блогы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.