ҰЭМ: ҚҰРЫЛЫС, ТКШ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Мархабат Жайымбетов ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Мархабат Жайымбетов Волгоград ауылшаруашылық институтын және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы «ГлавАгроРемМаш» жөндеу механикалық зауытының энергетигi ретінде бастаған. Әр жылдары аймақтың мұнай-газ салаларында басшылық лауазымдарында, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі лауазымдарында қызмет атқарған. 2014-2015 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет атқарды.