ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ АЯСЫНДА АЙЛЫҚ ӨТКІЗІЛУДЕ
Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында арнайы айлық өткізіліп, оның барысында облыс көлемінде жастар мен жасөспірімдер, бұқара қауым арасында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Айлық барысында Арал ауданының «Қамбаш» балалар орталығында хауызда жүзуден жарыс өткізілді. Қатысушылар өздерінің суда «балықтай» жүзе алатынын және Арал теңізі жағалауында туып-өскендерін дәлелдей алды.
Сонымен қатар, балалар орталығының демалушылары тарапынан «Есірткісіз болашақ!» ұранымен флешмоб ұйымдастырылып, оған 200 жеткіншек қатысты.
«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан үгіт-насихат жұмыстары да іске асырылуда. Облыс көлемінде арнайы үлгідегі есірткі мәселесіне және есірткі жайлы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарласуға болатын «Сенім» телефоны көрсетілген полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері қала, аудандарға таратылып, олар халықтың көп шоғырланатын жерлеріне ілінді.