БАЙҚОҢЫРДАҒЫ 6 ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ МЕН 1 БАЛАБАҚША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАНДАРТҚА ТОЛЫҚ КӨШЕДІ
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Аталған заң Байқоңырдағы 6 қазақ мектебі мен 1 балабақшаны қазақстандық стандартқа толық көшіру мәселесін шешетін болады.
Парламент қабылдаған заңның мақсаты Байқоңыр қаласындағы қазақстандық балаларға білім беру және білім беру ұйымдарының жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Атап айтқанда, Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясының юрисдикциясындағы білім беру ұйымдары Қазақстан тарапына, Қазақстан Республикасының юрисдикциясына беріледі. Сонымен қатар, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қызылорда облысының бюджетіне Қазақстан Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджеттен трансферттер аудару арқылы жүзеге асырылады.
«Біздің министрлікке қазақстандық азаматтарды Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшада Қазақстанның мемлекеттік білім беру стандарттарымен оқыту мәселесін шешу жүктелген болатын. Осыған орай, 2014 жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім бойынша 6 мектеп пен 1 балабақша Қазақстанның юрисдикциясына өтеді», - деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Оның сөзіне қарағанда, Байқоңыр қаласындағы білім беру мекемелерінің қазақстандық білім стандарттарына көшу мезгілі 2015 жылдың қыркүйегінен бастап жүзеге асатыны жоспарланған.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.