ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЕКІНШІ СИНГАПУР ДЕП АТАДЫ
Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Брендан Грилимен, Том Кинмен және Вони Куиннмен әңгіме барысында Ұлттық банкінің басшысы елдің ақша-несие саясаты туралы әңгімеледі.
«Қазақстан жаңа ақша саясатына көшті. Бекітілген қатаң валюта бағамынан оралымды бағамға көшуге тырысуда. Бұл үдеріс орташа есеппен 5 жылды алады», — деп атап өтті Келімбетов.
Сондай-ақ ол қазіргі кезде теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақты екенін қосты.
«Қазіргі кезде Қазақстанды Орталық Азиядағы екінші Сингапур деп санайды. Бізде бұрынғы кеңестік республикалар елдерінің арасында ең бәсекеге қабілетті экономика бар», — деді Ұлттық банк төрағасы сұхбат барысында.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы Ұлттық банктің жұмыс бағыттарының бірі Астанада халықаралық қаржы орталығын дамыту екенін атап өтті.
Bloomberg — кәсіби қаржы нарықтары қатысушылары үшін жетекші қаржы ақпаратын екі жеткізушінің бірі. Негізгі өнімі — Bloomberg Terminal, ол арқылы барлық әлемдік биржалардың, биржадан тыс нарықтардың дерлік ағымдағы және тарихи бағаларына, Bloomberg агенттігінің жаңалықтар лентасына және басқа да жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарға, электрондық сауда жүйесіне қол жеткізуге болады.
Агенттіктің арнайы телеарналары, журналдары, сайттары, ұялы қондырғылары және өз радиосы бар.