«СЫР ЕЛІ – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ»
Өткен жылдан бері Қызылорда облысында «Сыр елі - достық мекені» атты достық керуені жұмыс жасап келеді. Керуеннің құрамында қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары бар.
2015 жылдың 23 маусымында Қызылорда қаласының демалыс паркінде Достық керуенінің ҚХА 20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Концертке жиналған қауымға Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен міндеті, атқарып жатқан қызметі туралы айтып, ең басты байлығымыз бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуға шақырды.
Көңілді шарада түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді. Сонымен қатар, концерттік бағдарламаға Бекзат Молдабергенов, «Қорқыт құрамасы» КВН командасы, т.б. өнерпаздар өз өнерін көрсетіп, еліміздегі тыныштық пен татулық, бірлік пен берекені бағалаудың маңызды екенін атап өтті.
Алдағы уақытта Достық керуені өз жұмысын жалғастырады.