ҚАЗАҚСТАНДА ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 37%-ҒА ТӨМЕНДЕДI – KAZNEX INVEST
2015 жылдың соңғы 4 айында Қазақстанда тауар айналымы 37%-ға төмендедi. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейiржан Майкенов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Өздерiңiз бiлетiндей, қазiр әлем экономикалық дамудың тұрақсыз күйiн бастап кешiп жатыр. Бүгiнгi күнi көптеген елдерде экономикалық даму өсiмi баяулап, бәсекелестiк ұлғаюда және тұтыну азайып, нарық кiшiреюде. Бұл факторлар, өкiнішке қарай, Қазақстанды да сырт айналып өткен жоқ. Биылғы жылдың соңғы 4 айына талдау жасай отырып, Қазақстанда тауар айналымы бiртiндеп төмендеп жатыр деп айтуға негiз бар. Сонымен, тауар айналымы 37%-ға төмендедi, оның iшiнде, импорт 17%-ға және экспорт 46%-ға азайған», - дедi ол.
М.Майкеновтың мәлiмдеуiнше, экспорттың төмендеуiне ең алдымен сыртқы нарықтардағы жағдай тiкелей әсер еткен.
«Экспорттың төмендеуiне, негiзiнен, шикiзат тауарлары экспортының төмендеуі ықпал етiп отыр. Қазiргi уақытта шикiзат тауарларының бағасы әлдеқайда төмен және өткен жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда едәуір айырмашылық бар. Сондай-ақ, көптеген халықаралық сарапшылар Қытай экономикасына тұралап қалған деген баға бердi. Бұл Қазақстанның экономика құрылымына да әсер етiп, елiмiздегi металлургия өнiмдерiнiң экспорты 40%-ға төмендедi. Ел экспортының төмендеуiнiң үшiншi факторы ретiнде Ресей Федерациясының нарығын атауға болады. Бұл ресейлiк рубльге қатысты орын алған экономикалық жағдайлар. Соңғы төрт айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы 18%-ға төмендеген. Бұл қаражат түрiнде 1 млн доллардан асады. Айта кету керек, Ресей мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 30%-ға азайған. Төртiншi фактор Орталық Азия елдерi. Өңделген тауарлардың 11%-ы Орталық Азия елдерiнiң үлесiнде. Ал соңғы жарты жылда Орталық Азия елдерiнiң барлығы ұлттық валюта бағамына түзетулер жүргiзген болатын. Нәтижесiнде, Қазақстан тауарлары бұл нарықтарда шамамен 20%-ға қымбаттады. Сондықтан, сәйкесiнше, бұл елдерге экспорт та азайды», - дедi «KAZNEX INVEST» өкiлi.