«Е-ҚЫЗМЕТ» ЫҚПАЛДАСТЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ
Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтерінің өкілдеріне «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауға арналған семинар ұйымдастырылды.
Оқуға 60-қа жуық персоналды басқару қызметінде жұмыс жасайтын қызметкерлер қатысты. Оқытуды өткізу мақсатында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне тест режимінде байлыныс ұйымдастырылды. Тыңдаушылар жүйенің жұмысы мен «Штаттық кестелер», «Анықтамаларды жүргізу», «Конкурстық іріктеу», «Тәртіптік бақылау» сияқты жүйенің негізгі функцияларымен таныстырылды.
Кездесу аясында Департамент қызметкерлері жобаның жүзеге асыруының мақсаты Қазақстанның жаңа мемлекеттік қызмет үлгісіне бейімделген үздік әлемдік тәжірибені қолдану арқылы біртұтас персоналды басқару жүйесін жасау болып табылатындығын атап өтті. Сондай-ақ жүйенің кадрды іріктеу, жылжыту барысын барынша ашық жасауға мүмкіндік беретіндігін және мемлекеттік органдардың кадрлық саясатына меритократия принципін сәтті енгізудің маңызды факторі болатындығын әңгімеледі.
Семинар барысында персоналды басқару қызметтерінің өкілдеріне жаңа жүйенің жұмысы жайлы көптеген сауалдар туындады. Оларға толық жауаптар қайтарылды.