«АБЗАЛ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ТС ДИРЕКТОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Абзал және Компания» Толық серіктестігі директоры Абзал Ералиев бүгін «Сыр медиа» ЖШС-де болып, журналистермен сұқбат жүргізді. Кездесу барысында серіктестік директоры әлеуметтік инфрақұрылымның қайта қалпына келтірілуі және дамуы, кадрларды даярлау, мәдениет және спорт, сонымен қатар көркейту мен көгалдандыру барысында әңгіме құрды.
- Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылын көгалдандыру бойынша айтатын болсам, биыл 600 млн қаржы бөлінді. Шіркейлі каналынан бастап, ауылға дейін жаппай ағаштар отырғызылды. Биыл 7000 түп көшеттер отырғызылса, соның 3500-дейі көгеріп тұр. Ал гүлдерге келсек, ақпан айынан бастап, өзіміздің серіктестікке қарайтын жылыжайда гүлдердің тұқымын егіп-баптап, күн жылынғанда көшеттерді ауылдың орталық көшелеріне отырғызамыз. – деді А.Ералиев. – Ал жұмысшыларға келетін болсақ, бүгінде Нағи ауылында 2400-дей тұрғын бар. Ал серіктестікте 360 адам жұмысқа тартылған. Соның ішінде қырыққа жуығы сырттан келіп еңбек етіп жатқандар. Сондықтан адам жетіспегеннен кейін сырттан алуға мәжбүрміз. Сырттан келген жұмысшылар жатақханаға орналастырылған.
Айта кету керек, «Абзал және Компания» Толық серіктестігі – ауыл шаруашылығы саласындағы үздіксіз дамушы компаниялардың бірі болып табылады. Қазақстандық күріш өндіруші компаниялардың үштігіне сенімді түрде енеді. «Абзал және Компания» Толық серіктестігі Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің аумағында өзінің нарықтағы позициясын дамыта отырып, едәуір ауқымға ие болып отыр. 2011 жылы өнімнің 30%-ы экспортқа шығарылса, бұл Компания өндірген жалпы күріш өнімінің 5000 тоннасын құрауда.
Шынар БЕКБАН