ҚҰРМЕТТІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Осы бір керемет мереке өздерінің шығармашылық еңбегімен біртұтас ақпарат кеңістігін құратын, оң қоғамдық пікір қалыптастыратын, қоғамдағы жасампаз үрдістердің әлеуметтік тірегін кеңейтетін әртүрлі кәсіптегі адамдарды, атап айтқанда, журналистерді, баспагерлерді, полиграфистерді, телерадио және байланыс саласының қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырады.
Медиалық кеңістікте бұқаралық ақпарат құралдары айрықша рөл атқарады. Қазақстанда журналист мамандығы әрқашан ерекшеленіп, өзіндік орын алып келді, ал баспа бұқаралық ақпарат құралдары танымалдығымен көзге түсіп, миллиондаған оқырмандардың көңілінен шығуда.
Осы ретте Қызылорда облысының бұқаралық ақпарат құралдарында өз ісінің кәнігі майталман шеберлерінің көптеп еңбек ететінін атап өтпеске болмас. Олардың қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, өздерінің табыстарын еселей түсетіндігіне және алдарына қойған міндеттерін шығармашылық тұрғыдан шешу тәсілдерін ұстанатындығына кәміл сенемін. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында өңір тұрғындарының қоғамда атқарылып жатқан жұмыстар мен іс-шаралар туралы сапалы ақпарат алуға мүмкіндіктері зор.
Сіздерге жаңа идеялар мен жобаларды ойдағыдай іске асыру жолында шалқар шабыт, тұрақты шығармашылық ізденіс, сарқылмас қуат және алдағы қызметтеріңізге табыс тілеймін. Біздің компания Сіздермен одан әрі жемісті ынтымақтастықта жұмыс жасауға сенім білдіреді. Баянды бақытқа кенеліп, әл-ауқаттарыңыз арта берсін!
Ізгі тілекпен,
«ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы
Цинь Хунвэй