СҰЛТАН МАҚАШОВ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің 2015 жылғы 24 маусымдағы өкімімен Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Қармақшы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Мақашов Сұлтан Ысқақұлы 1961 жылы дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын және 2001 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген. Инженер-құрылысшы және заңгер біліктіліктері бар.
Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған. 1984-1992 жылдары - Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб болып жұмыс жасаған. 1992-1995 жылдары - №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, «Казалинскводстрой» тресінің №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы болып еңбек еткен. 1995-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры қызметтерінде жұмыс жасаған. 2012 жылдан осы кезге дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызметін атқарып келді.