ӨҢІРДЕГІ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ БРИФИНГІ ӨТТІ
Бүгіннен бастап облыстық әкімшілікте орталық коммуникация қызметі қызметін бастайды. Енді Қызылордадағы брифинг республика бойынша онлайн режимде өтіп, еліміздің әрбір түкпіріндегі журналистер өздерін қызықтырған сауалдарын 60-55-74 телефон номері арқылы жолдай алады.
Сонымен бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордалық филиалында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы тақырыбында алғашқы брифингі өтті. Брифингке «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ директорының орынбасары Айсұлтан Акчурин мен қала әкімінің орынбасары Нұржан Ахатов қатысты.
А.Акчуриннің хабарлауынша, облысымызда 2015-2016 жылдары 950 пәтердің кілттері табысталған болатын. Осы орайда көпқабатты үйлердің құрылысына жергілікті жұмыс күші тартылатынын айтты. Әрбір пайдалануға берілген үй компанияның техникалық қадағалау қызметінің тексерісінен өтеді.
Н.Ахатовтың мәдімдеуінше, жаңа баспана бірінші ретте ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларға, авариялық жағдайдағы баспанада тұрып жатқандаға беріледі.
Айта кетейік, биыл облысқа Елбасының «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында Қызылордада 13,0 млрд теңге қаржы инвестиция тарту арқылы тұрғын үй құрылысының орны толтырылмақ. Бұл қаржыға «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ желісі бойынша 78,0 мың шаршы метр құрайтын 22 тұрғын үй және «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі арқылы 36,5 мың шаршы метрді құрайтын 13 тұрғын үй, барлығы 114,5 мың шаршы метр құрайтын 1780 пәтер, 35 тұрғын үй салынбақ.
Шынар БЕКБАН