НӘЖМӘДИН ШАМҰРАТОВ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің 2015 жылғы 24 маусымдағы өкімімен Шамұратов Нәжмәдин Шәкизадаұлы Қармақшы ауданының әкімі қызметінен босатылып, Қазалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Шамұратов Нәжмәдин Шәкизадаұлы 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын - инженер-гидротехник, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін - заңгер, Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы ауданындағы №64 жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмысшы ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі, 2005-2011 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын, облыстық құрылыс басқармасын және облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. 2011-2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2013 жылдан осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.