«БЕЛКӨЛ» СТАНЦИЯСЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің ұйымдастыруымен ««Белкөл» станциясында теміржолдағы өртті жою және авариялық-құтқару жұмыстары» тақырыбында оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мемлектетік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, 15-00 сағат шамасында облыстағы Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасына «Белкөл» станциясындағы темір жолда шартты түрде өрт оқиғасының орын алғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Одан соң күш-құралдар жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Шығыс кестесіне сәйкес 1 өрт поезды, 13 негізгі техника бірлігі, жеке құрамның 66 адамы өрт сөндіру жұмысына атсалысты. Оқу-жаттығуды өткізу барысына темір жол, ішкі істер департаменті, азаматтық қорғаныс басқармасы, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ облыстық филиалының қызметкерлері қатыстырылды. Жаттығу кезінде «Өрт сөндіру және авариялық құтқапру жұмыстары» ММ және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы №9 өрт сөндіру жасағы өрт сөндірушілері өрт сөндіруде жедел әрекет етіп, өрт ошағын дер кезінде сөндіріп алды. Нәтижесінде оқу-жаттығу өз мақсатына жетті деген қорытынды берілді.