ҚАЗПОШТА СӘЛЕМДЕМЕЛЕРДІҢ ЖОЛЫН ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСАДЫ
«Қазпочта» АҚ пошта жөнелтімдерінің жолын қадағалау қызметінің жаңартылған жүйесінің енгізілгені жайында хабарлайды.
Пошта жөнелтімдерін қадағалау жүйесінің қызмет сапасын үнемдеу аясында, трекингтің бағдарлама коды өзгертіліп, жаңа серверге көшірілді. Енді жүйенің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіліп, жаңа мүмкіндіктер пайда болды.
«Клиенттеріміздің жіберген сауалдарына жауап бере отырып, белгілі бір қызметті жақсарту үшін және қолдануға қолайлы болатын ұсыныстарды қарастырамыз. Трекинг бойынша біз роботтардан (боттардан) қорғайтын жүйені алып тастадық. Бұл өзгеріс сәлемдеменің қазіргі уақытта қай жерде келе жатқанын тез арада анықтауға жол береді. Сондай-ақ, клиенттердің сауалдары мен ұсыныстарын толығымен талдап, трекингтің жұмысын үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерді енгіздік. Мысалы, сәлемдемелердің жылжу статусындағы өзгерістер жайлы электронды пошта арқылы хабарландыру» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов түсіндірді.
Жаңа пошта жөнелтімдерін қадағалау қызметінің басты ерекшелігі - ашық бағдарламалық интерфейс, Track API (http://track.kazpost.kz/docs/v1/). Оның көмегімен интернет дүкендер өз сайттарында, сатып алушыларына тауарларының қозғалысы жайындағы ақпаратты бере алады. Бұл шағын болса да, тасымалдау маршруттары бойынша ақпаратты ұсынудағы маңызды инновация.