ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
2015 жылғы 23 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шараға Департаменттің басшылығы және қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының әнұранының шырқалуымен салтанатты түрде ашылды. Содан соң, Департамент басшысы Мұрат Қарымсақов жиынға қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
«Елбасы «100 нақты қадам» жоспарында кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша стратегиялық басымдылыққа жету жолындағы қазақстандық жолды айқындады. Біз, мемлекеттік қызметшілер халықтың мемлекеттік қызметшілерден кәсібилік, адалдық және сөзсіз заңдылықты сақтауды күтетіндігін әрқашан есте сақтауымыз қажет. Билікке сенім - халық пен билік арасында дәнекерші болып, заманауи қоғамның мұқтаж-сұрауларына икемді түрде әрекет жасай білетін мемлекеттік қызметшіден басталады.» - атап өтті М.Қарымсақов.
Мерекелік іс шарада Департамент басшысы М.Қарымсақовтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған, қызметінде жетістіктерге жеткен және Мемлекеттік қызметші күніне орай бірнеше мемлекеттік қызметшілер мақтау грамоталарымен марапатталды.
Іс-шара барысында Департаментпен бұқаралық ақпарат өкілдері арасында ұйымдастырылып, 2015 жылғы 1 ақпан мен 1 маусым аралығында өткізілген «Бұқаралық ақпарат өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты конкурсына қатысқан журналисттер марапатталды.
Конкурс өткізілу мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдарымен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстарын күшейту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайлы ақпараттануын толық көлемде қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынан туындайтын шараларды ақпараттық сүйемелдеу болып табылды.
«Ең үздік басылым» номинациясында бірінші орынды республикалық «Заң газеті» газетінің меншікті тілшісі Б.Бүркітбайұлы иеленді.
«Ең үздік теледидар материалы» номинациясында бірінші орынды «Қазақстан-Қызылорда» жергілікті телеканалының меншікті тілшісі А.Қожақова иеленді.
Сондай-ақ Департамент басшысының атынан «Қоғам ТВ» жергілікті телеканалының меншікті тілшісі Ү.Жарекеева, «Ақмешіт жастары» жергілікті газетінің меншікті тілшісі Г.Мақажан және «Часпик» жергілікті газетінің меншікті тілшісі В.Джакибаеваларға алғыс хаттар ұсынылды.
Жеңімпаздар және қатысуышыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара соңында қатысуышыларды патриоттық әндер шырқалған мерекелік концерт күтті.