24 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның көптеген бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батыс, оңтүстік және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік Қазаақстан, күндіз Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де күн қатты ысиды. Атырау облысында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.