Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА АҚШ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Альберт Кролмен кездесті.
Жүздесу барысында Мемлекеттік хатшы АҚШ Елшісін тағайындалуымен құттықтап, жаңа лауазымы екі ел арасындағы жан-жақты әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік туғызатынына сенім білдірді. Сонымен қатар Г.Әбдіқалықова Елбасы бастамасымен Қазақстанда 5 институттық реформаны жүргізу, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жұмыстарының басталғанын атап өтті. Қолға алынған іс-шаралар еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуды және экономикамыздың орнықты өсуін қамтамасыз ететін болады.
«Біз Америка Құрама Штаттарымен өзара қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймыз. Қазіргі уақытта американдық тараптан Қазақстан экономикасына 21 млрд. доллардан астам инвестиция салынып отыр. Американдық компаниялар өкілдерінің қатысумен 480-нен астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Меніңше, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты экономика, сауда, өзара қарым-қатынас салаларындағы байланыстар одан ары күшейе түсетін болады», - деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде бүгінде АҚШ-тың жоғары оқу орындарында 1800-ден астам қазақстандық жастың «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жатқанын атап өтті.
Тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған ҚР-АҚШ ғылыми техникалық ынтымақтастығы туралы келісімнің негізінде білім және ғылым саласындағы байланысты нығайтуға мүдделілік танытты. Кездесу соңында Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық серіктестік рухына толық сай келетіндігі аталып өтілді.