Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА: ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА «БОЛАШАҚТЫҢ» МАҢЫЗЫ ЗОР
Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен 5 институттық реформаны іске асыруда «Болашақ» стипендиясының маңызы зор.
Бұл пікірді бүгін Ақордада өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
«Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен 5 институттық реформаны іске асыруда «Болашақ» стипендиясының маңызы зор. Өйткені алға қойған міндеттерді сапалы орындауда бірінші кезекте әлемнің үздік жоғары оқу орындарын бітірген жоғары білікті мамандар қажет. Өздеріңіз білесіздер, 18 наурызда өткен комиссия отырысында мүдделі мемлекеттік органдарға бірнеше тапсырма бердік. Бірінші, 2016-2020 жылдарға арналған жаңа жоспарды жасау. Екінші, PhD жобасын іске асыру бойынша тұжырымдама жасау. Үшінші, 2014 жылғы тағлымдама бойынша және 2015 жылға магистранттар мен тәжірибеден өтуді белгілеу», - деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.
Отырыс барысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын ұсынды. Комиссия мүшелері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Split PhD іске асыру тұжырымдасын мақұлдады. Тұжырымдама Қазақстанның Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында елдегі жоғары оқу орындарында ғылыми кадрлар даярлаудың жаңа жүйесін енгізуді көздейді.
Сонымен қатар отырыста алдын ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселесі қаралды.
Қорытындысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын одан әрі ұйымдастыру аясында бірқатар тапсырма берді.