«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫНЫҢ ҮШ КҮНІНДЕ 1475 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН
Ағымдағы жылдың маусым айының 19-22 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарланған болатын.
Жүргізілген рейдтік жұмыстардың 3 күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған 1475 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 31-і – көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша, 271-і – көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша, 197-сі – көлiк жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша, 386-і – қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару дерегі бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерімен 103 құқық бұзушылықтар орын алған. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар көрілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі