23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ
Елімізде жыл сайын 23 маусым күні кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. Ол қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық құжат болды.
2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Қазақстан полициясы күні – бұл қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт күнде өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алатын күн.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан полициясы күні аясында барлық ішкі істер органдары мен бөлімшелерінде салатанатты шаралар ұйымдастырылады. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлiмдедi.
«Ертең Қазақстан полициясының кәсiби мерекесi. Оның құрылғанына 23 жыл толып отыр. Елдiң iшкi iстер органдарының тарихы – бұл Қазақстан тарихының бiр бөлiгi. Бiз жүрiп өткен жол IIМ жүйесi ең iрi және көпфункционалды құқық қорғау құрылымы бола отырып, қылмысқа тосқауыл бола алатынын, конституциялық құқықтарды және азаматтардың бостандығын қорғап, елдегi тәртiптi қамтамасыз ете алатынын көрсеттi», - деді министр.