БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ
23 маусым күні Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына толықтыру енгізілуіне сәйкес, Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлыққа толықтыру енгізді.
«Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген мәтінде.
Естеріңізге салайық, 2013 жылдан бастап Мемлекет басшысы бекіткен Тұжырымдамаға негізделген қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жұмыс істей бастады. 2013 жылдың 26 наурызында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2013 жылғы 19 ақпанындағы Жарлығымен «Үздік мемлекеттік қызметші» кеуде белгісі енгізілді. Онымен кем деген 15 жыл қызметін мінсіз атқарған және мемлекеттік қызметтің дамуына қомақты үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер марапатталады.