ҚАЗАҚСТАН 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДА ДСҰ-НЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ МҮШЕСІ БОЛАДЫ
2015 жылғы 22 маусым күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобының мүше-елдері финалдық отырыста кіру жөніндегі түпкілікті құжаттар бумасын мақұлдады. Барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан әлемдік сауданың 98 пайызын реттеп отырған халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі болмақ. Бұл туралы ҚР экономикалық интеграция істері министрінің хатшылығы хабарлады.
Жұмыс тобының отырысы барысында Қазақстанның ірі инвесторлары және негізгі сауда әріптестері болып отырған Америка Құрама Штаттары, Еуропалық одақ, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Жапония, Корея Республикасы сияқты ДСҰ-ның басты мүшелері өз заңнамаларын ДСҰ нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан жүргізген елеулі реформаларды оң бағалады.
Мәселен Қазақстан Республикасының 50-ден астам ұлттық заңдарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, олардың арасында валюталық реттеу; баға белгілеу және бәсекелестікті дамыту; салық саясаты; кедендік реттеу, импортты лицензиялау; техникалық реттеуді және санитарлық, ветеринарлық шараларды қоса алғанда, өнімдердің қауіпсіздігі шараларын алу; сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғау сияқты заңнамалар бар.
ҚР-нің ДСҰ-ға кіруі Қазақстанның қолайлы және ашық инвестициялық және іскерлік ахуалымен сенімді сауда әріптесі ретіндегі әлемдік қоғамдастықта танылуына тікелей ықпал етеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымы - ең алдымен, тауарлар және қызметтердің саудасын реттейтін ережелер жиынтығы.
БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 161-і экономикалық және сауда саясатын жүзеге асыруда бұл ережелерді басшылыққа алады. Олардың арасында дамыған елдер де, дамушы мемлекеттер де бар. Сонымен бірге тағы 23 мемлекет түрлі деңгейде ДСҰ-ға кіру жөнінде келіссіөздер жүргізіп жатыр.
Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіне тең құқықты қатысушы ретінде кірігуі егемен еліміздің дамуындағы айрықша кезең әрі 2050 жылға дейінгі Стратегияны жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады.
ДСҰ-ға кіру Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция тартуға, Қазақстанның бүкіл әлеммен тығыз сауда-экономикалық байланысын нығайтуға және ел ішінде бәсекеге қабілетті бизнесті дамытуға қолайлы тұрақты орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«ДСҰ-ға мүше-елдер Ұйымға жас, қарқынды дамушы мемлекеттің қосылғанына қызығушылық білдірді. Қазақстанға деген ерекше назар аударуға келіссөздер кезеңінде Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен Кедендік одақтың (ЕАЭО) құрылуы себеп болды. Күрделі келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан елдің экономикалық дамуының ұзақмерзімді мүдделері ескерілген міндеттемелерге қол жеткізе алды», - делінген хабарламада.