ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өтетін "Қазақстан - ата жұртым, қасиеттім - ана тілім" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен XII Халықаралық олимпиада басталды. Дәстүрге айналған олимпиадаға Ресей, Өзбекстан, Иран, Түркменстан, Қытай, Монғолия сияқты алыс-жақын шет елдерден талантты жастар қатысуда. Олимпиаданың ашылу салтанатымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, алдағы халықаралық білім додасына қатысатын жастарға сәттілік тіледі.
- Бүгінгі Сыр елінде өткелі отырған халықаралық олимпиаданың басты мақсаты әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарын нығайтуға ықпал ету, қазақ тілін меңгеру мәдениетінің деңгейін көтеру және тарихқа, тарихи Отанымыздың қазіргі дамуына қызығушылықтарын арттыру және талантты жастарға қолдау көрсету болып табылады,-дей келе аймақ басшысы білім додасында бақ сынайтын жас тіл жанашырларына әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева шет мемлекеттерде тұратын отандастарды қолдау мақсатында «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиада 2004 жылдан бері өткізіп келе жатқанын айтты. Олимпиада шартына сәйкес шетелдегі 8-11 сыныпта оқитын 20 жасқа дейінгі оқушылар жарысқа қатыса алады. Ашылу салтанатында қазылар алқасы таныстырылып, олимпиада 26 маусымға дейін жалғасатынын айтты. Жарыс жеңімпаздарына мемлекеттік және ЖОО-ның арнайы гранттары беріледі.