ОРАЗБЕК МАҚСҰТТЫҢ РУХЫНА АРНАЛҒАН ІV БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20 маусым күні «Ақниет» мейрамханасының бильярд залында БАҚ өкілдері арасында белгілі журналист Оразбек Мақсұттың рухына арналған ІV бильярдтан турнир ұйымдастырылды.
Турнир ұйымдастырушылары - «Сыр медиа» ЖШС-гі, «Қаламгерлер қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстан Журналистер одағы» Қызылорда облыстық филиалы.
Аталмыш шараға ардагер журналистер, О.Мақсұтұлының отбасы, БАҚ өкілдері қатысты. Бильярд ойынының бас төрешісі - Орынбек Асылбаев. Ойын қорытындысымен 1 орынды Руслан Айтмамбетов (24 кз), 2 орынды Бақытжан Бердібай (31 арна), 3 орын Нұрлыбек Нұрмаханов (Қазақстан ұлттық арнасы) жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, белгілі журналист Оразбек Мақсұтұлы еңбек жолын 1978 жылы Сырдария аудандық «Сырдария» газетінен бастады. 1984-87 жылдары облыстық телерадиокомитетінің тілшісі, редакторы, 1987-91 жылдары облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бастап өмірінің соңына дейін бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бүгінде талантты журналисті ұрпақ жадында жаңғыртуды мақсат еткен бильярдтан БАҚ өкілдері арасындағы турнир төртінші мәрте өткізілгелі отыр.
Шынар БЕКБАН