ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІН ӨТКІЗУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ БЕДЕЛІН АРТТЫРАДЫ
16-18 маусым күндері ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Лондонда сапарда болды.
Сапар ауқымында Р.Жошыбаев британдық компаниялар үшін ЭКСПО-2017 таныстырылымына қатысты, Ұлыбритания Премьер-Министрі кеңсесінің «TheGREATBritain» бағдарламасының жетекшісі Конрад Бердпен, Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен, Сауда және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің бас атқарушы директоры Доминик Джермеймен, сондай-ақ жетекші британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің таныстырылымына осы көрмені ұйымдастыруға қатысуға және нысандарды көрмеден кейін пайдалануға мүдделі 70-ке тарта британдық компаниялар өкілдері қатысты.
Шара барысында Р.Жошыбаев алдағы көрмеге ауқымды әзірлік жұмыстарымен, оған қатысу шарттарымен, сондай-ақ ЭКСПО-2017 қатысушылары үшін кедендік, салықтық және басқа да жеңілдіктермен таныстырды, деп хабарлады ҚР СІМ.
ЭКСПО-2017 халықаралық бизнес қоғамдастықтардың зор қызығушылығын туғызғаны атап өтілді, оған 100-ден астам елден 5 млн.-ға тарта адам қатысуы күтілуде.
Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Эдвудпен кездесу кезінде визалық режимді оңайлатуды қоса алғанда, екіжақты стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Британдық тарап Астанада ЭКСПО өткізу технологиялар ағынына, ғылыми базаны нығайтуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға жәрдемдесетінін атап өтті.
Сауда және инвестициялар ұлттық агенттігінің бас атқарушы директоры Д.Джермеймен кездесуде екі елдің сауда және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің және британдық компаниялардың ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне қатысуы мәселелері қаралды.
К.Бердпен әңгіме барысында ірі халықаралық шараларды өткізудегі британдық тәжірибеге және осы саладағы ынтымақтастыққа қатысты егжей-тегжейлі пікір алмасу болды.
ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 комиссары Р.Жошыбаев сондай-ақ британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті және оларды астаналық көрмені шетелдерде алға жылжытуға белсенді қатысуға шақырды.