АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
2015 жылғы 20 маусымда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Ассамблея – татулық темірқазығы» атты тақырыпта іс –шара болып өтті.
Аталған тақырып тұрғысында және мемлекеттік тілдің тұғырлылығы турасында мекеменің мемлекеттік тілді дамыту тобының инспекторы Г.Ермағамбетова тұшымды баяндама жасады.
Кешке әр түрлі ұлт өкілдері қатысты. Облыстағы ұлтаралық қатынастың тұрақтылығы турасында әңгімелер қозғалды.
Жиынға қатысқан өзге ұлт өкілдері мемлекеттік қазақ тілін құрметтеп, мәртебесін көтеруде қосып жүрген өз үлестерін сөзбен жеткізді. Олар қазақ тілінде тілектерін айтып, қазақ ақын -жазушыларының өлеңдерін жатқа оқыса, молдаван қызы Татьяна Луца Шәмшінің «Сыр сұлуы» әнін тамылжыта шырқап берді.
Іс – шара соңында қонақтар қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап берді.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекетті тіл және ақпарат тобы