ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ
«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Тек республиканың батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жекелеген жерлерде күн күркіреп, жауын жауып, жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды BNews.kz.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді. Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, күндіз кей аймақтарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, 15-20 м/с дейін жел күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында да 15-20 м/с дейін жел күшейіп, топырақты дауыл тұрады. Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық көтеріледі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ыстық көтеріліп, кей жерлерде күн қатты ысиды. Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында өрт қауіпті жағдай сақталады.