ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгiн Қызылордада денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жүгі ауыр жұмысты атқарып жүрген мамандарға құрмет көрсетіліп, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
- Медицина қызметкерлерінің күні - денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтындардың ғана мерекесі емес, бұл -бүкілхалықтық мейрам. Өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. Биылғы жыл қаншама қаржылық кедергілерге қарамастан, облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының бір тиынына да тиіскеніміз жоқ. 2015 жылы салаға 32 млрд-тан астам теңге қаралды. Көптен күтіп жүрген балалар ауруханасына қаржы қаралып, құрылысы жүргізілуде. Жаңақорған, Жалағаш аудандық емханаларының құрылысы жалғасуда. Бірнеше емдеу ұйымдарының күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылуда, - деді облыс әкімі.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты iс-шарада денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлерi төсбелгiлермен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, облыстың медициналық ұйымдары арасында өткен «Облыстың Үздік медицина қызметкерлері» атты кәсіптік конкурстың жеңімпаздары 500 мың теңге сыйақыға ие болды.
Айта кетейік, өңіріміздің медицина саласын дамытуға, дәрігерлер жұмысының сапасын жақсартуға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Былтыр заманға сай жасақталған облыстық Ана мен бала орталығы пайдалануға берілді. Соңғы екі жылда бұрын жабылып қалған 13 ауылдық аурухана қайта қалпына келтірілді. Қармақшы және Сырдария аудандарында жаңа емханалар іске қосылды. Облыстық медициналық орталық, Арал және Жаңақорған ауданының емханалары жылжымалы медициналық кешенмен жабдықталды. Аудандардағы жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен шалғай жатқан елді мекен тұрғындары медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, 75 санитарлық автокөлік пен 16 реанимобиль сатып алынып, медициналық барлық мекемелер автокөлікпен толықтай қамтылды. Өңірлер арасында денсаулық сақтау саласы бойынша бір тұрғынға жұмсалатын шығын - 53105 теңге болып, Қызылорда Астанадан кейінгі екінші орынға шықты. Сондай-ақ, былтыр Қызылорда облысы елімізде 4-ші болып бүйрек ауыстыру отасын жасады. Облыста медицина саласын дамыту, тұрғындардың саулығын сақтау, оларға сапалы медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.