СЕНАТТА БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
18 маусымда Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды BNews.kz.
Заң жобасының мақсаты Байқоңыр қаласындағы қазақстандық балаларға білім беру және білім беру ұйымдарының жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Атап айтқанда, Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясының юрисдикциясындағы білім беру ұйымдары Қазақстан тарапына, Қазақстан Республикасының юрисдикциясына беріледі.
ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметінше, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоса алғанда, білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қызылорда облысының бюджетіне Қазақстан Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджеттен трансферттер аудару арқылы жүзеге асырылады.
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.
Құжат білім беру процесін гранттық және стипендиялық қамтамасыз ету мәселелерін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ салық салудың ерекше тәртібін белгілеуге және дербес білім беру ұйымдарына жер учаскесін беруге бағытталған.
Заң жобасымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске, Бюджет кодексіне, «Білім туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, академиялық басқару жүйесін жетілдіруді және дербес білім беру ұйымдарының жұмыс сапасын қамтамасыз етуді, Университеттің инновациялық кластері қызметін ұйымдастыруды, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігі мен дербестігін дамытуды көздейді.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.