ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы ашық болады, тек республиканың солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында күн аптап ыстық болады. Атырау облысында күн қатты ысиды, кей жерлерде ауа температурасы өте жоғары болады. Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.