ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫНА 300 ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
«Бәйтерек» холдингі бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың қалың топтарын баспанамен қамтамасыз ету бөлігінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты кезең-кезеңімен жүргізуде. Бағдарлама іске асырылғаннан бері Қазақстан облыстарының және қалаларының тұрғындары көптен күткен пәтерлерін алып жатыр. «Бәйтерек» холдингі жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысын жоғары қарқынмен жүзеге асыруда.
Осы жұмыс шеңберінде Қызылорда қаласында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынған жаңа пәтерлерге көшуде.
Қоныс той иелеріне кілттерін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев табыстады. Қызылорда қаласының «Ипподром» ауданында 50 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Аталған 300 пәтердің ішінен 225 пәтер «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша үлестірілсе, қалған 75 пәтер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында үлестіріледі.
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміннен кейін «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қ. Бишімбаев Қызылорданың «Арай» ықшам ауданында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңына барып қайтты. Қазір құрылыс алаңында 288 адам жұмыс істейді, жалпы, құрылыс белгіленген жоспар шеңберінде жүріп жатыр. Қ. Бишімбаев Қызылорда қаласының Шұғыла ықшам ауданы, Шүкіров көшесі бойындағы және «СПМК-70» тұрғын ауданында көпқабатты үйлердің ірге тасын қалау рәсіміне де қатысты.
Айта кету керек, осы нысандардың құрылысын жүргізуге холдингтің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ жауапты болып табылады. Шүкіров көшесі бойындағы төрт бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын осы жылдың аяғына дейін бітіру жоспарланып отыр. Осы нысандағы тұрғын үйдің жалпы ауданы 13 423,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі күні «Бәйтерек девелопмент» АҚ бас мердігер – «Жабдыктау» ЖШС-мен шарт жасасты. Қазіргі сәтте нысандағы барлық дайындық жұмыстары аяқталды.
СПМК-70 ауданында бір 40 пәтерлі, үш 50 пәтерлі және үш 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады. Үйлерді тапсыру мерзімі – 2015 жылғы желтоқсанға жоспарланған.