ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Өткен жылы облыс орталығын тұрақты газбен жабдықтау мәселесі шешілді. Жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегаты жаңғыртылған болатын. Биылда ауқымды жұмыстар ақтарылатын болады.
Бүгінде тағы 2 жылу агрегатын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, олардың бірі қосалқы болып саналады.
Бүгінде әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары мекемелерін жылу маусымына дайындауға 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек. Оған қоса, Қызылорда жылу электр орталығын жаңғырту мен кеңейту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Мақсат - электр қуатын өндіру көлемін арттырып, аймақтың энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
ІІІ инвестициялық форумның шеңберінде Қазақстан даму банкімен осы жоба бойынша 8,6 млрд. теңгеге несиелік келісім жасалды. Облыстық бюджет бұл жобаға 1 млрд. 700 млн. теңге көлемінде қоса қаржыландыру шарты бойынша қатысады. Өзінің жұмыс істеу мерзімі ескірген жабдықтар қазіргі заманғы жоғары тиімділігі бар бу-газ технологиясымен алмастырылатын болады.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша жобаны қаржыландыру жөнінде сәуірде алдын ала келісімге қол қойылған-ды. Банк бұл жобаны жүзеге асыруға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлетін болады.