БАЛАЛАРДЫ МАСАДАН ҚОРҒАЙЫҚ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында қалада масаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты брифинг өтті.
Брифингте балалар ауруханасының аллерголог дәрігері соңғы уақытта балалар арасында маса шаққаннан кейін жеңіл және орташа деңгейдегі асқынулардың көбейгенін атап өтті.
- Шағу әсерінен балада жара пайда болып, терінің қышуына әкеліп, маса шаққан орын ісіп кетеді. Осы орайда ата-ананың назарына айтарымыз: мұндай жағдайда ата-ана қолын әбден жуып, маса шаққан орынды спиртпен немесе зеленкамен таңу керек. Егер орны асқынса,ондай жағдайда өзі емдемей, дәрігерге көріну тиіс. Баланы сыртқа шығармас бұрын масаға көрінбейтіндей, баланы бір түсті киіммен киіндіріп, басына бас киім киюі тиіс.
«Тұрғын үй» мекемесі бастығының орынбасары Біржан Далабаевтың мәліметінше, көпқабатты үйлерде дәрілеу жұмыстары ақылы түрде, яғни тұрғындардың қаражатымен жүргізіледі. Масаларды әр отбасынан 200 теңгеден көп емес қаржыға улайды.
Шынар БЕКБАН