ДІНАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ БЕДЕЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясында өткен Діни лидерлері кеңесінің екінші отырысына қатысып келген Қызылорда облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры Бақытжан Камалов пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ аға ғылыми қызметкері Бақтияр Оспанов алған әсерлерімен бөлісті.
- 10-11 маусымда Астана қаласындағы бесінші Съезд «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» тақырыбымен өткізілді. Бесінші Съезд жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен 80-ге жуық делегация өкілдері қатысты, - деп Б.Камалов өз ойымен бөлісті. - Атап айтар болсам, Съезд жұмысына Иордания королі Абдалла ІІ, Финляндия президенті Саули Ниинисте, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньера, ИСЕСКО Бас хатшысы Абдулазиз Осман ат-Туэйджри және басқа да танымал саяси қайраткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Айта кету керек, астаналық дінаралық форум беделі артып келеді. Қатысушы елдер мен делегациялары санының көбею динамикасы мен Съезге қатысушы беделді тұлғалардың артып отырғанын дәлел ретінде айтуға болады. Мәселен, І Съезге 16 елден 17 делегация қатысса, биыл 40 астам елден 80-ге жуық делегация қатысып отыр.
Шынар БЕКБАН