БЖЗҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН АУДАРУ БАРЫСЫНДА САЛЫМШЫЛАРДЫҢ БІР ТИЫНЫ ДА ЖОҒАЛҒАН ЖОҚ - Р.ЕРДЕНАЕВ
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін беру барысында салымшылардың бір тиыны да жоғалған жоқ.
Кеше Сенатта зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Руслан Ерденаев осылай мәлім етті.
«Активтерді беру барысында ешқандай да «жоғалып кетулер» орын алған емес. Яғни, салымшының жекеменшік зейнетақы қорларындағы активтеріндегі шотында аудару күні қанша теңге болса, сол күні БЖЗҚ-ына тура тиынына дейін аударылып, түсті», - деді Р. Ерденаев. Оның айтуына қарағанда, бұған әрбір салымшы БЖЗҚ-ынан өзінің шотының жағдайы туралы түбіртекті алып, көз жеткізуіне болады, онда аударымдар сомасы нақты көрсетіледі.
«Айта кетерлігі, БЖЗҚ мен Ұлттық банктегі есеп бізде қатар жүргізіледі», - деді ол.