ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2015 ЖЫЛДЫҢ 1-ТОҚСАНЫНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанына 14931 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен.
«Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанына экономикалық белсенді халық саны - 367,7 мың адам (1 тоқсан 2014ж. - 352,9 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны - 349,2 мың адам (1 тоқсан 2014ж. - 334,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (1 тоқсан 2014ж. -5,2 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас - 4,1 пайызды құрады (1 тоқсан 2014ж. - 6,8 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, хабарламада үстіміздегі жылдың 12 наурызында 2015 жылға арналған Халықты жұмыспен қамту кешенді жоспары бекітілгені айтылады. Бекітілген жоспар аясында есепті кезеңге жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен нысаналы топтарға жататын 14931 адам қамтылған. (жылдық жоспардың 63,9 пайызы (23386 адам).
Соның ішінде, мемлекеттің қолдау шараларымен 5130 адам қамтылды, соның ішінде: қоғамдық жұмыстармен - 4067 адам, қайта даярлау курстарына - 299 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына - 324 адам, жастар тәжірибесіне - 371 адам және 69 бағдарлама қатысушысына шағын несие берілді.
Жаңадан ашылған жобаларда 3681 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде: МҮИИДБ (Мемлекеттік Үдемелі Индустриалды Инновациялық Даму бағдарламасы) - 154 адам, Агробизнес 2020 -20 адам, Бизнестің Жол картасы 2020 - 262 адам, Бірыңғай өңірлерді дамыту бағдарламасы - 30 адам, Даму бағдарламасы бойынша - 3215 адам.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы. Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 1004 адам хабарласып, соның ішінен 848 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары -23,1% (196 адам), жұмыссыздар -79,9% (652 адам). Оның ішінен 549-і жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1561 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары - 1536 адам, соның ішінде тұрақты - 894.
Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бағыты бойынша 61 Бағдарлама қатысушысы 125,1 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 15 адам өз кәсібін ашты.
Солардың бірі, Арал қаласының тұрғыны, кәсіпкер Саянов Серікбай. Ол Арал ауданы бойынша Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын іске асыру барысында ІІ-бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2012 жылы өзінің қолда бар қоймасын үлкейту үшін 1,5 млн. теңге несие алды. Ол аудан тұрғындарын картоп, жуа, капуста, сәбіз көкөністерін арзан бағамен қамтамасыз етіп, бағасын тұрақтандырып көтерме бағамен сатуда.
Қайтарылған қаржының есебінен 11 адам 20,0 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 10 адам өз кәсібін ашты.
220 жаңа жұмыс орындары құрылды (соның ішінде өз ісін ашқан есебінен -110 орын, кеңейтілген есебінен - 110 орын).
Әлеуметтік жұмыс орындарына 124 мекемес, кәсіпорындарға 297 адам жолданып (12,3 млн.теңге қаржы төленді),118 -і тұрақты жұмыспен қамтылды.
2014 жылдан бері жұмысын жалғастырған 87 адам ішінен 30-і жұмыс мерзімін аяқтап , 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесіне 233 мекеме, кәсіпорындарға 370 жас мамандар жолданып (12,1 млн.теңге қаржы төленді), 264 -сі тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бағдарлама басталғалы бері облыс бойынша 109 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, соның ішінде 105 жеке тұрғын, 4 көпқабаттты үйлер.
2011 жылдан бері 1240 адам (271 отбасы), соның ішінде 587 еңбекке жарамды азаматтардың 366 -сі жұмыспен қамтылды (62,4%).
Соның ішінде Қазалы ауданында 35 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген 6 үйге 6 отбасы қоныс аударды (31 адам), соның ішінде еңбекке жарамдылары - 20 адам болса, 6-і тұрақты жұмыспен қамтылды.