ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аймақтарында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы – жекелеген жерлерде жауын жауып, күн күркірейді, жел тұрып, кей аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде аптап ыстық көтеріледі. Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым аумағында және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында өрт қауіпті жағдай сақталады.