СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ӨРШІП ТҰР
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2015 жылғы 5 айының жұмыс қорытындысы туралы брифинг өткізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Брифинге Департаменттің сотқа дейінгі тергеу басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ягмусов және сотқа дейінгі тергеу басқармасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бақытжан Ниязов, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
- Департаменттің басты бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және оның себеп-салдарын жою болып табылады. Қазіргі таңда біздің қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және оның себеп-салдарын жоюға бағытталғандығына қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сондай-ақ сыбайлас жемқорлық салдарын анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша қызмет атқарады, - делінген хабарламада.
Бүгінгі брифинг ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің құқық қорғау қызметінің жұмыс қорытындысына арналады. Ағымдағы жылдың 5 айында Департаментпен 122 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу өндірісімен 77 аяқталып, оның 14 сотқа жолданды. Мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 17,4 млн. теңгені құрады, келтірілген залалдың тергеу барысында қолданылған шаралар нәтижесінде 17,3 млн. теңге өндірілді.
Жыл басынан бері 61 сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар тіркеліп, 3 жүйелі сыбайлас жемқорлық дерегі анықталып, парақорлық фактісі бойынша 24 қылмыстық іс тіркелді (9-пара алу, 14-пара беру, 1- парақорлыққа делдал болу).
2015 жылдың 5 айында Департамент қызметкерлерімен жүргізілген талдау мәліметтері мен мониторингі негізінде жолданған 17 ұсыныс хат бойынша мемлекеттік органдармен бірқатар мемлекеттік сатып алу конкурстары тоқтатылып, бағаларды қайта қарау жүргізілуде. Қазіргі таңда жүргізілген бақылау нәтижесінде 156,4 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.
10 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 6-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар. 277800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдары салынып, оның 185500 теңгесі бюджетке өндірілді.
Айта кететін өзекті мәселе, өткен жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бар.
Көтермелеуге жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек бүкіл қоғамның қолдауымен ғана тиімді болмақ. Департаменттің «1494» санды «сенім телефоны» облыс аумағындағы барлық елді-мекендердегі тұрғындардан түскен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды дер кезінде тікелей қабылдау мақсатында тәулік бойы қызмет атқарады.