ҚАЗАҚСТАН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МАҚТАНЫШЫ С.ДЕМИРЕЛДІҢ ӨМІРДЕН ОЗҒАНЫНА ҚАЙҒЫРЫП, КӨҢІЛ АЙТАДЫ - Н. НАЗАРБАЕВ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында түрік халқының ғана емес, барша түркі әлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси және мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды», - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты.