ҰЛТ САУЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ – Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА
Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова медициналық қызметкерлердің кәсіби мерекелері қарсаңында жалпы денсаулық сақтау жүйесінің үздік мамандарымен, ауылдық жерлерден келген көп жылғы еңбегі бар дәрігерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Еліміз Ұлт жоспарын, яғни, «100 нақты қадамды» іске асыруға кірісті. «100 қадам» экономиканы, барша қоғамды жаңарту мақсатында еліміздегі бес реформаны іске асырудың нақты іс-шаралары болып табылады. Соның ішінде, Ұлт жоспарын жүзеге асыруда денсаулық сақтау саласының маңызы зор. Осы «100»нақты қадам аясында міндетті медициналық сақтандыру, денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық тұрақтылық жүйесін күшейту, басым бағытқа ие медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру бағыттарын жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, жекеменшік медицинаны дамыту және медицина мекемелерінде корпоративті басқаруды енгізуді қолға алу керек. Жалпы, Ұлт жоспары біздің жұмысымызды медициналық қызмет көрсету саласына озық стандарттарды енгізуге бағыттайды», - деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, осы мақсаттарды орындау үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде медииналық қызметтердің сапасын бақылайтын біріккен комиссия құрылуда.
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде медициналық қызметтердің сапасын бақылайтын біріккен комиссия құрылуда. Себебі, ұлт денсаулығы мемлекеттік саясаттың ең басым бағыттарының бірі», - деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.