СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ШЫҚҚАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылордадағы гумманитарлық колледж студенті Данияр Қауышқан өртке оранған үйде қалған сәбиді құтқарды. 1 жарым жасар сәби жас жігіттің өжеттілігі арқасында ажалдан аман қалды. Даниярдың бейбіт күнгі ерлігі ешкімді бей-жай қалдырмады. Батыр жігіттің батыл қадамы Төтенше жағдайлар министрілігі тарапынан да лайықты бағаланды. Жеті бөлмелі еңселі үйдің орны осы. Тілсіз жау тып-типыл етіп, күлін қалдырыпты. Сол бір сұмдықты үй иесі Зоя Омарова күрсіне ескі алады.
Оқиға наурыз айының орта шенінде болған. Үйде жас келін мен бес немересі қалған екен. Кенет түпкі бөлмеден қара түтін будақтай бастағанда, үйдегілердің бәрі далаға қашып шығады. Тек бесікте бөлеулі қалған Мейіржанды құтқару қиынға соғады.
- Баланың аяғы күйіп жатқаннан кейін жылаған. Данияр үй ішіне кіріп, баланы алып шықты. Көрер жарығы бар екен. Бір жарым жасар Мейіржан бүгінгі күні Алматыда ем қабылдауда. Ең бастысы – аман қалды, - деп еске алады қала тұрғыны Зоя Омарова.
Ал жүректі жігіт Даниярдың батыл қадамын төтеншеліктер елеусіз қалдырмай, Ішкі істер Министрлігінің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалін табыс етілді. Ұстаздары да оқушыларын мақтан тұтады.
- Мұндай қадамға баратын ұл ертең мемлекетшіл тұлға, елге үлкен азамат, елін қорғайтын батыр, өзінің отбасында тамаша отағасы болатынына біз кәміл сенеміз. Ал Данияр өзінің бұл әрекетін ерлік деп есептемейді. «Мұндай адамгершілік қасиет әр адамның бойынан табылуы тиіс», - дейді М.Мәметова атындағы гумманитарлық колледжі директорының орынбасары Салима Сәлімова.
- Ойымда ештеңе болған жоқ, бар ойым сол баланы алып қалу болды. Бірінші кіргенімде таппадым, екінші кіргенде шығарып алдым баланы. Бұл менің адамгершілік парызым деп санаймын. Бірақ ерлік деп санап осылай марапаттап жатқандарына үлкен рахмет, - дейді М.Мәметова атындағы гумманитарлық колледж студенті Данияр Қауышқан.
Данияр болашақ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. Әрі бокстан спорт шебері. Қазақтың батыр қызы Мәншүк атындағы оқу орынанда білім алып жүрген ол қашанда қаһарман бабалардың ізін жалғауды басты паразы санайды.