ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ОБЛЫСТАРЫНДА АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сонымен қатар, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік және оңтүстік батыс өңірлерде күшті жел соғады деп болжануда. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңыстау облыстарында, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.