ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЫСТЫҚ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
19 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. «Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, елдің солтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұманды болады.
Күндіз Ақмола облысында, Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күшті ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күн ыстық, кей жерлерде аптап ыстық болады.
Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, шығысында оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Сонымен бірге, таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады.